Accessibility links

Оңтүстік Африка елінің бұрынғы президенті Нельсон Манделдың 85-жылдығы елде кеңінен аталып өтуде.


Оңтүстік Африка елі бұрынғы президенттері Нельсон Манделдың 85-жасқа толған күнін кеңінен атап өтуде. Кеше он мыңдаған адам Манделдың мерей тойына арналған мерекелік салтанатқа қатысқан. Бүгін Иоханесбург қаласында мерей той иесінің құрметіне мерекелік ас беріледі. Оған әр елден келген, ішінде бұрынғы АҚШ президенті Билл Клинтон да бар жоғары мәртебелі қонақтар қатысады. Апартеид жүйесіне қарсы күрескен Нельсон Мандел 27-жыл түрмеде отырып, 1980-ші жылдары бостандыққа шыққан. Апартеид жүйесі алынған соң ол Оңтүстік Африка еліндегі қаралар арасында бірінші президент болған.
XS
SM
MD
LG