Accessibility links

Кеше Ирақтың жүздеген тұрғындары елдің жаңа жасақталып жатқан әскеріне қосылу үшін өтініштер толтырған.


Алғашқы күні Бағдад, Басра, Мосул қалаларында арнайы кеңселер ашылды. Ирақтың жаңа армиясы 40 мың күштен тұратын болады. Саддам Хусейін күштерінің қатарында 500 мыңдай солдат болған. Бұрынғы Баас партиясында басқарушы қызметте болғандар және бұрынғы армияның офицерлері бұл әскер қатарына қабылданбайды. Жаңа армия жасақтарын оқытып-үйрету келесі айда басталатын болады. Ол екі жылдан кейін толық дайын болуға тиіс. Ирақтағы азаматтық әкімшілік басшысы Пол Бремер Ирақ әскерін формалды түрде өткен мамыр айында таратып жіберген болатын.
XS
SM
MD
LG