Accessibility links

Батыс жағалаудағы Женин қаласының губернаторын ұрлап әкеткен жауынгерлер кеше оны босатқан.


Куәгерлдерің айтуынша беттерін бүркеп алған адамдар губернатор Хайдар Иршейдтің үйіне басып кіріп, оны ұрып-соғып сүйрелеп алып кеткен. Губернатор босатылған соң бірнеше сағаттардан кейін, Әл-ақса азапталушылар биргадасы бұл оқиға жауапкершілігін өз мойнына алған. Жауынгерлік топ губернаторды Палестин президенті Ясер Арафаттың өтініші бойынша бостандыққа жібердік деп айтқан. Бұл аталған топ Иршейдті Израилмен ынтымақтастықта деп айыптаған, губернатор жақында Израил өкілдерімен өткізілген қауіпсіздік келісімдеріне қатысқан болатын. Ал бүгін Палестиннің премер-министрі Махмуд Аббас Израил премері Ариел Шаронмен кездесіп, Таяу шығысты бейбіт реттеу ісіне көмектесу мәселелерін талқылайды.
XS
SM
MD
LG