Accessibility links

Қырғыз президенті Асқар Ақаев 2005 жылы прзиденттік сайлауға түспеймін деген.


Бұл жөнінде ол үкімет адамдары мен оппозициялық топтардың өкілдерімен өткізілген дөңгелек стол әңгімесі барысында айтқан. - Ең соңында мен жаңа президенттік сайлауға президент болу үшін қатысамын ба, осы сауалға жауап бере кетейін. Мен бұл сұраққа бұдан бұрын да екі рет жауап берген болатынмын. Конститутцияның жаңа редакциясы мен үшін жаңа мандат мүмкіндігін қарастырмайды, - деген Асқар Ақаев. 1990 жылы Қырғыз Советтік Социалистік республикасының президенті болып сайланған Ақаев, с бұдан соң тәуелсіз Қырғыз елінің президенті болып, 1991, 1995, 2000 жылдары бірнеше қайтара сайланған болатын. Егер Ақаев бұл жолы мемлекет басшылығынан кететін болса, онда ол Орталық Азия елдерінің басшылары ішінде сайлану мерзімі аяқталған кезде, өз еркімен биліктен кеткен бірінші президент болады. Дөңгелек стол барысында қозғалған тағы бір тақырып- бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік министрі, қазір түрмеде отырған оппозициның "Ар-намыс" партиясының жетекшісі Феликс Куловтың тағдыры жөнінде болды. Ақаев "Ар- намыс" партиясының өкілі Эмил Алиевтің Феликс Кулов абақтыға саяси себептермен жабылды деген айыптауларын жоққа шығарды. Ол Кулов экономикалық қылмыстары үшін сотталған дегенді кездесуге қатысушылардың есіне салып, ол өзінің осы қылмыстарын саясаттандыру үшін кейінірек барып, Ар-намыс партиясын құрды деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG