Accessibility links

Британия полициясы 18 шілдеде табылған өлген адам денесі Англияның қоғаныс министрлігінің сарапшысы Дэвид Келлидікі екендігін анықтаған.


Полиция ол кісі қолынан емес, өздігінен өлген деген қорытындыға келген. Олардың деректері бойынша Келли сол қолындағы жарақаттан қан көп кетуінен, қансырап өлген: - Өлімге себепкер болған сол қолындағы жарақат екендігі анықталды. Соның салдарынан қанды мөлшерден көп жоғалтқан. Біз пышақты таптық, ол тікелей айғақ ретінде ұсталып отыр, - деп атап көрсеткен полиция. Қорғаныс минстрлігінің кеңесшісі Келли бейсенбі күні түстен кейін хабарсыз кеткен болатын. Оның өлімі Британияның премер-министрі Тони Блэр мен үкіметті тұйыққа тіреп отыр. Бұдан сәл ертерек қорғаныс министрлігі Келлиді Үкімет Саддам Хусейіннің химиялық және биологиялық қаруынан төніп тұрған қауіпті ұлғайтып көрсетті деген BBC телеарнасынан таралған ақпаратты берді деп айыптаған болатын. Осыдан төрт күн бұрын оның өзі де BBC-ге бұл тұрғыда интервью бергенін парламент комитеті алдында мойындаған, бірақ басты дерек көзі боламын деп ойламағандығын да айтқан.
XS
SM
MD
LG