Accessibility links

Кеше Ирақ астанасында бірнеше мыңдаған шиит мұсылмандары өз жетекшілері Мохтада Әл-Садрды американың қудалауына қарсы наразылық білдіріп көшелерге шыққан.


Садр бұрнағы күні АҚШ қолдауындағы жаңа басқару Кеңесі бүкіл елдің атынан сөйлей алмайды деп сынаған болатын. Басқару Кеңесі алты күн бойына президенттті сайлай алмады, сондықтан да олар кешегі күні үш адамдық басшылық жөнінде шешімге келген. Кеше сондай-ақ Бағдадта жарылғыш заттан тағы бір американдық солдат өлтірілген. Бағдадтың батысындағы банк күзетіндегі солдатқа таңертең ертемен шабуыл болған. Бұл - 24 сағат ішінде өлген екінші жауынгер. Парсы шығанағында болған соғыста қаза тапқан америка жасақтарынан, қазіргі күні қаза тапқан американдық солдат саны асып кеткен. Күзетте тұрған тағы төрт солдат жақын жердегі үйде болған бомба жарылысы кезінде жараланған.
XS
SM
MD
LG