Accessibility links

Ирақ соғысы аяқталғанымен ол партизан соғысымен жалғасуы мүмкін


Мамыр айы басында АҚШ Ирақтағы соғыс одақтас күштер жеңісімен аяқталды, деп жариялағанымен осыдан 40 жыл бұрыңғы Вьетнамдағы жағдай қайталанып, енді Ирақта партизан соғысы басталуы мүмкін, дейді талдаушылар.

Шілденің 21 күні Брюссель қаласынан жолдаған хабарын Ассошиейтид пресс агенттігінің тілшісі Роберт Рейд былайша бастайды.

Ирақ соғысы жалпы алғанда аяқталды, бірақ генерал Джон Абизайдтың өзі айтқанындай, енді американдық сарбаздар ирақ партизандарымен күресуге тура келеді. Ол жағдай осыдан 40 жыл бұрыңғы Вьетнам соғысы тәжрибесінен жақсы белгілі, дейді американдық генерал.

Вьетнам соғысы кезінде американдықтар барлық шайқаста үстем болғанымен ақыр соңында жеңіліспен жер болып қайта оралды. Бірақ , әдетте шамалы ғана қару-жараққа ие партизандар, жасырына жүріп әрқашан да жеңіске жете береді десек ақиқатқа онша жанаса қоймас. Рас, Қытай, Франция, Индоқытай, Лаос, Куба, Алжир және Никарагуа соғыстарында партизандар жеңіске жеткенімен, олар Грекия, Филиппин, Малайзия, Кипр және Кенияда жеңілістің ашшы дәмін татты.

Дегенмен қай жақ табысқа жетсе де ол жеңіс жолында құрбандар, шығын аз болмайтындығы белгілі, деп жазады Ассошиейтид пресс агенттігі. Мысалы, Британия өз одақтастарымен бірге қазіргі Малайзиядағы марксист партизандарды жою үшін 12 жыл күрескен. Ал Перу, Филиппин және Колумбияда соғыс аяқталғанынан кейін ондаған жылдар өтсе де, осы кезге дейін партизандық қозғалыс өз күресін тоқтатқан емес.

Американың өзінде алғашқы отаршылдық соғысы артынан филиппиндық партизандар американ әскерлерімен төрт жыл бойы шайқасқан. Кейбір паризандар халықтың арасында ойнап-күліп жүріп-ақ соғысын жалғастыра береді.

"Мен американдық сарбаздардың күні-түні демей кез келген кезде, адамдардың есіктерін теуіп ашып, қаруларын кезеп, бала-шаға демей шырқыратып, қол-аяғын кісендеп, көздерін байлап, жиналған жұртқа оқ жаудырып, ауыл-аймаққа әуеден соққы бергенін көргенде үрейден денем түршігеді, жүрегім аурады", - деп жазады "Торонто сан" газетінің тілшісі Ерик Марголис.

Басқыншылық соғысы кезіндегі мұндай тәсілдер жергілікті халықтың қахарын қоздырады, қаншалық мейрімді болуға тырысқанымен халықаралық бейбітшілік шараларына деген сенімді жоғалтады.

Талдаушылардың айтуынша, ирақ партизандары Бағдадтан солтүстік аймақтағы Саддам Хусейннің қамалы есептелетін "Суннилер үштігінде" шоғырланып іс-әрекетке кірісуі мүмкін. Екінші кезеңде, бір кездері Саддамға қарсылас болған Шиит мұсылмандары арасынан да қолдау табуы ықтимал.

Партизандар әдетте, жолы болып тұрса, өзге шет елдерден қолдауға ие болып, олардан қару-жарақтар, өзге де жәрдем алып тұруы мүмкін. Камбоджа, Лаос, Солтүстік Вьетнамдағы жағдай бұған мысал бола алады. Бірақ әзірше ирақ партизандарына өзге елдерден ешқандай қайран байқалмайды. Саддамның білекті жігіттері американдықтардың бұл елден жедел шығып кетулерін қалайтын қатардағы араб азаматтарының қолдауына ғана үміт арта алады.

Оңтүстік шығыс Азиядағы, Вьетнамдағы және Ауғанстандағы басқыншылық соғысынан француздар, америкалықтар және орыстар ойсырай жеңіліске ұшырап, ол елдердегі партизандық соғыстардың ашшы дәмін кезінде барынша татқандығын бүкіл әлем елдері біледі.

Ал бұдан шығатын кейбір қорытынды , Партизан соғысы кезінде әскерлер саны жаңа әскери техниканың өзі кейде үлкен рөл ойнамауы мүмкін, қарсыластың болмысын, табиғатын білерде барлау қызметінің деректері аса маңызды, партизан үшін уақыттан ұту - негізгі нәрсе, табыс кепілі. Олар қажет кезінде уақытты созып, дұшпанды әбден діңкәләтіп алып, төзімін тоздырып, шабуыл жасауы мүмкін.

Ауғанстандағы басқыншылық соғысы кезінде, Европа жазықтарында еркін көсілген орыс танктері ауған тауларында батқаққа батқандай әлсіз жағдайға түскен.

Дегенмен, спецназ деп аталған советтік арнайы қосындар алдында ауған қарулылары әлсіздеу екендігін кезінде байқатқан.

Осы арада ескертіп кететін бір қызық жағдай, 1950-жылғы Филиппиндегі соғыс кезінде американдық атышулы полковник Едвард Лансдейл коммунист бүлікшіл партизандарға қарсы күрес кезінде қызық бір тәсіл қолданыпты.

Ол кезде қонсорғыш – вампир сыяқты асуаң деген қорқынышты жануар жөнінде әңгіме кең тарапты. Сол сәттен ұтымды пайдаланып, американдықтар филиппиндердің біреуін ұстап өлтіріп, қанын түгел ағызып, мойнына тіс ізі сыяқты екі тесік жасап, денесін жол бойына қалдырады. Мұндай сұмдықты өз көздерімен көрген партизандар ол араға қайта жоламайтын болған. Кім білсін, дегенмен Ирақта мұндай тәсілге алдана қояр жұрт табыла қоймас.
XS
SM
MD
LG