Accessibility links

Косовоның астанасы – Приштинада жексенбі күні кешке қарай қатарынан екі жарылыс болды.


ПРИШТИНА: Косовоның астанасы – Приштинада жексенбі күні кешке қарай қатарынан екі жарылыс болды. БҰҰ-ының уақытша әкімшілігінің өкілі хабалағандай, бірінші жарылысты жергілікті соттың ғимаратына қарай атылған зымыран туғызған. Әлгі ғимаратқа болар-болмас нұқсан келген. Екінші жарылыс - жергілікті полицияның ауласына лақтырылған гранаттан болған. БҰҰ-ы полициясының автокөлігі өртеніп кеткен. Ол жарылыстар үшін әзірше ешкім өзіне жауапкершілік алмай отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG