Accessibility links

Израиль мен Палестина автономиясы үкіметтерінің төрағалары Ариэль Шарон мен Махмуд Аббас жексенбі күні Иерусалимде өз-ара келіссөздер өткізді.


ИЕРУСАЛИМ: Израиль мен Палестина автономиясы үкіметтерінің төрағалары Ариэль Шарон мен Махмуд Аббас жексенбі күні Иерусалимде өз-ара келіссөздер өткізді. Оның барысында “Жол картасы” деп аталатын халықаралық бейбітшілік жоспарын жүзеге асырудың мүмкіндіктері талданды. Басты назарда Израиль түрмелерінде отырған палестиндік тұтқындарды босату мәселесі болды. Палестинаның ақпарат министрі Набиль Амрдың хабарлауынша, кімдердің бостандыққа шығатынын анықтайтын бірлескен комиссия құрылатын болады. Ариэль Шарон Махмуд Аббасты тағы да террористік құрылымдарға табанды түрде күрес жүргізуге шақырды. Жексенбі күні Палестина лидері Ясир Арафат діни жанжал туғызатын және басқа да арандатушылықтарға қарсы күрес туралы жарлыққа қол қойды. Ондай жарлық “Жол картасы” жоспарында қарастырылған.
XS
SM
MD
LG