Accessibility links

Сад Арабиясында Уганданың бұрынғы президенті, 20-сыншы ғасырдағы ең қанішер диктаторлардың бірі Иди Амин ауруханада хал үстінде жатыр.


ӘР-РИЯД: Сад Арабиясында Уганданың бұрынғы президенті, 20-сыншы ғасырдағы ең қанішер диктаторлардың бірі Иди Амин ауруханаға түсті. Саудия дәрігерлерінің хабарлауынша, Аминнің тірі қалатындай мүмкіндігі жоқ. Бірақ дәрігерлер оның неден науқастанғанын хабарламай отыр. Иди Амин – Уганда мемлекетін 1971-1979-ыншы жылдар аралығында биледі. Ол билеген кезде жүз мыңдаған адам құрбан болды. Иди Аминнің билігі кезінде зорлау-қорлау тәсілдері кең қолданылды, ал оның өзі адамның етін жеді деген күдік бар. Иди Амин өз отбасының бірнеше мүшесін өлтірді. Танзания әскерінің басып кіруі нәтижесінде тақтан құлаған соң, Иди Амин алғашқыда Ливияға, одан кейін Ираққа, одан соң өзіне саяси баспана берген Сауд Арабиясна қашты.
XS
SM
MD
LG