Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш пен Италияның премьер-министрі Сильвио Берлускони Буш әулетінің Техастағы ранчосында 2 күндік келіссөздеріне отырды.


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш пен Италияның премьер-министрі Сильвио Берлускони Буш әулетінің Техастағы ранчосында 2 күндік келіссөздеріне отырды. Келіссөздердің басты тақырыбы – Ирақ маңайындағы ахуал. Сильвио Берлускони Еуропа Одағында төрағалық етуде, Дж. Буш соғыстан кейінгі Ирақты қалпына келтіруге және Таяу Шығыстағы жанжалды үйлестіруге Еуропа Одағы белсенді атсалысады деп үміттенеді. Сильвио Берлускони - АҚШ-тың Ирақтағы соғысына сонау бастан-ақ қолдау білдірген болатын және Дж.Буштың Техастағы ранчосына қонаққа шақырылған санаулы саясаткерлердің бірі болып отыр.
XS
SM
MD
LG