Accessibility links

«Қазақстан халықтары Ассамблеясы» жөніндегі түрлі пікірлер


Қазақстандағы көп ұлтты саясатты және «Қазақстан халықтары Ассамблеясын» мемлекетте мекендейтін халықтар қалай бағалайды?

Осы сұрақты біз республикадағы бірнеше ұлттық мәдени орталық мүшелеріне қойдық. Қазақстандағы Қарашай-Малқар қауымдастығының мүшесі ӘзіретӘлі Борлақов, республикадағы көп ұлтты саясатқа риза, сол себептен Қазақстан халықтары Ассамблеясының жұмысын жоғары бағалады.

Қазақстандағы Қарашай-Малқар қауымдастығының мүшесі Әзірет Әлі Борлақов:

- Кеңес Одағы кезінде де, үлкен Кеңес Одағында 100 халық тұрды. Қарап отырсақ, Тәжікстанда да соғыс болды, Армения мен Әзірбайжан да, Ресейдің өзінде соғыс болды. Кеңес Одағына мүше болған мемлекеттердің ішінде Қазақстаннан басқа тыныш отырған мемлекетті көрген жоқпын, айран сияқты ұйып тұрған мемлекетті көрген жоқпын. Барлығымыз сол мемлекеттің заңына сиямыз, бір-бірімізді түсінеміз. Мүның барлығы қазақ халқына байланысты.

Қазақ әрі Неміс жазушысы, аудармашы Героль Бельгер бұл пікірмен келіседі, бірақ көп ұлтты саясаттың кейбір кемшіліктері бар, дегенді айтады.

Қазақ әрі Неміс жазушысы, аудармашы Героль Бельгер: -

Ассамблея керек, деп есептеймін. Ассамблеяға да көзқарастар әр-түрлі. Мәселен, қазақтар оның керегі жоқ, деп айтады. Ал, менің пікірімше бұл керек нәрсе, себебі Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері бар, олардың да басы бірігуі керек, олар өздерін қазақстандықтармыз, деп сезінуі керек. Сол себептен ассамблея керек, оның жұмысы өте дұрыс,деп ойлаймын. Жалпы көп ұлтты саясатты қолдаймын, бірақ бір кемшілік бар. Сол жуз шақты халықтың барлығының проблемаларына назар кемдеу аударылады. Барлығын бір деңгейде, бір қалыпта ұстап отырғысы келеді. Сондай жағдайда оларды басқару жеңілдеу.Еш кімнің артықшылығы жоқ, немістер риза болмаса, онда Германияға жүре берсін, дегендей саясат. Немістердің Қазақстанға сіңірген еңбегі аз емес, экономикасына да, мәдениетіне де, демек оларға да назарды көбірек аудару керек.

Қазақстандағы Әзірбайжан қауымдастығының мүшесі Әсли Османованың айтуынша, оның республикадағы қандастары әзірбайжан тілінде сөйлегеніне риза.

Қазақстандағы Әзірбайжан қауымдастығының мүшесі Әсли Османова:

- Үкіметке де, елдегі жүргізіліп жатқан саясатқа да ризамын. Мысалы, 1992 жалдан бері әзірбайжандар өз ана тілінде радиодан сөз сөйлейді, музыкаларын беріп жатады. Соны тыңдаған халық, қанша дегенімен риза. Әр кім өз отбасында, ошақ қасында өз ана тілінде сөйлейді, бірақ мемлекет көніл бөліп, оларға радиодан өздерінің ана тілін естіткеніне, олар ерекше қуанады.

Республиканың кейбір саясаткерлері «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» -Қазақстан президентінің қол шоқпарына айналған институт, деген баға береді. Бұл пікірмен келісетіндер де бар, келіспейтіндер де жоқ емес. Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығының жетекшісі Хахраман Қожамберді бұл пікірмен толығымен келіспейді, бірақ мұндай тұжырымның негізі де бар деген ойда.

Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығының жетекшісі Хахраман Қожамберді:

- Ассамблея Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, барлық ұлттардың мүддесін ортаға салу үшін, Президенттің қолдауымен дүниеге келген институт, бірақ қазір бұл институт өзіне сай келмейтін саяси мәселелермен жұмыс жасады. Мысалы, 1995 жылы конституцияны талқылау мәселесін ортаға салу жөнінде мәселе көтерді. Соңынан осы институттың көтермесімен Президенттің басқару мерзімін 2007 жылға дейін созу жөнінде мәселе көтерілді.Менің пікірімше, негізінен Қазақстан халықтары Ассамблеясының мақсаты , сол Қазақстандағы ұлттардың мәдени, салт-дәстүр және де басқа мәселелерін ортаға салып, талқылап, осы мәселелер бойынша, құжат әзірлеп, соның негізінде үкіметке, парламентке ұсыныс жасау керек. Сонымен қатар барлық халықтарға ортақ мәселелерді көтеріп отыруы қажет. Мысалы, жер туралы мәселе көтергенде, ассамблея үн шығармады. Осы мәселе бойынша, пікірін білдіргенде дұрыс болар еді.

Қазақстан халықтары Ассамблеясы жөнінде заң керектігін күрдтер қауымдастығының жетекшісі Нәдір Нәдіров та растап отыр. Сонда Ассамблеяда бар кемшелік ретке келетін шығыр, -дейді күрдтер қауымдастығының жетекшісі.

Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының жетекшесі Нәдір Нәдіров: - Ассамблея туралы әлі шешілмеген мәселелер көп, оны шешу керек, анықтау керек, заң қабылдау керек. Кеңес Одағы кезінде, аз болсада әр ұлттан бір министрден болатын. 20 министрдің ең аз дегенде, екі-үшеуі татар еді, бірі корей еді, бірі орыс еді. Қазір бір де бір министр жоқ. Парламентегі жағдай да осындай басқа ұлттардан адам жоқ.

Үстіміздегі жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының дүниеге келгеніне 8 жыл толды. Бұл институтта түрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдени орталығы жұмыс жасайды. Бұл орталықтар бір институтта жұмыс жасағынымен, ассамблея жұмысын олар әр-түрлі бағалайды.
XS
SM
MD
LG