Accessibility links

Қазақстанның саяси партиялары мен саяси қозғалыстары сайлау мәресіне шықты

  • Гүлмира ХАМЗА

20 шілде күні мәслихат депутаттығына үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталды. Енді екі айдан кейін өтетін сайлауға Қазақстандағы саяси партия мен саяси қозғалыс өкілдері белсенді түрде дайындалып жатыр.

«Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағаларының бірі Әлихан Бәйменовтың пікірінше, Қазақстандағы билік өкілдері де бұл сайлауды өз мүддесіне пайдаланғысы келеді.

«Ақ жол» демократиялық партия жетекшілерінің бірі Әлихан Бәйменов:

- Біз алаңдаушылық білдіреміз. Жергілікті жерлерде өте қатты қысым жасалып жатыр.Мысалы, Павлодар облысындағы бір аудан әкімі, -«Жалпы, мен әкім болып тұрғанда, «Ақ жол» партиясынан бір де бір үміткер, біздің ауданнан депутат болып өтпейді,сол себептен сіздердің келмеулеріңізге болады,»-дегенді айтқан.Осындай түрдегі қысымдар көбейіп жатыр. Әрине, билік бұл сайлауды, келешек сайлау алдындағы күш салыстырудың бір түрі, деп қарап отыруынан болар. Сонымен қатар жаңа сайлау заңы бойынша, мәслихаттар сайлау комиссилярын жасақтауға жауапты болады,осыған байланысты мәслихаттардың маңызы өседі, дегендіктен болар.

Жергілікті билік тарапынан қысым көрсе де, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестік күзде өтетін сайлауға қатысады ,-дейді «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі Маржан Аспандиярова.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі Маржан Аспандиярова:

- Қазір күллі Республика бойынша, әр облыстық, аймақтық комиссияларға, жергілікті комиссияларға біздің мүшелеріміз, өзін өзі ұсыну жөнінде арыздарын тапсырды. Енді, бұл сайлауды әр-түрлі бағалап жатыр, бұл сайлау бұрынғы әдіспен өтеді, көптеген заң бұзушылық орын алатыны белгілі, бірақ халықтың белсенділігін арттыру үшін, өзіміздің қозғалысымыз жайында көпшілікке жария ету үшін, және бұл арқылы халықтың алдында сөйлеуге мүмкіндік алу үшін сайлауға қатысамыз. Сонымен қатар Қазақстанның біріккен оппозициясының мүмкіндігін сынаймыз.

Алдағы күзде өтетін сайлауда өз бағын «Отан» партиясыда сынап көрдеді, -дейді Қазақстандағы билік партиясы атанған «Отан» партиясының мүшесі Абзал Нүкенов.

«Отан» партиясының мүшесі Абзал Нүкенов:

- Осы сайлау біз үшін үлкен сынақ, деп айтуға болады, себебі алда мәжіліс, президент сайлауы келе жатыр. Осы сайлаулардың алдында біз үшін күзде өтетін сайлау сынақ.Бұл жерде «Отан» өзінің бағдарламасына сай сайлауға қатысып, социал-демократиялық бағыттағы саясатты ұстану болып табылады.Қазір жергілікті жерлерде саяси белсенділік байқалады, сол себептен сол жерлердегі әлеуметтік саясатты алға тарту керек болып отыр. Жергілікті халықтың мұң-мұқтажын өкілді орган арқылы шешу, көмектесу, қолдау көрсету. Осы мақсаты «Отан» партиясы өзіне міндет қойып отыр.

20 қырқұйек күні өтетін сайлауға қатысып, Қазақстанның коммунистік партиясы жергілікті жерлерде әділеттікті орнатуды жоспарлап отыр.Коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбдилдиннің айтуынша, Қазақстан коммунисттері осы мақсатты көздеп отыр.

Қазақстанның Коммунисттік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин:

- Құрылтай өткіздік, қатысуға шешім қабылдадық, 250-ден астам адамды тізіммен өткізетін болдық. Аудандардағы үміткерлеріміздің басын қоса алмадық, бірақ 700-800 адам сайлауға қатысады. Басты мақсат –депутаттық мандат алу. Біз әділеттік үшін күресіп отырған партиямыз, халыққа жағдай тудырудың жолын іздеп отырған партиямыз,дұрыс мемлекет құру керек ,деген сяасатымыз бар. Соны іске асыру үшін біз мандатқа күресеміз.

Қазақстанадағы саяси жүйені және ата-заңды өзгерту -бұл Қазақстанның Республикалық халық партиясының мақсаты. Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосановтың айтуынша, осы мақсатпен республикалықтар мәслихат сайлауына қатысуды жоспарлап отыр.

Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов:

- Күн өткен сайын Қазақстанда саяси жүйені өзгерту туралы пікірді қолдаушылар көбейіп келе жатыр. Олар бұрын мыңдаған болса, қазір миллиондаған, деп айтуға болады.Бір адамның қолына барлық билікті беріп қоюға болмайды. Ол ауданда болсын, облыста болсын, мемлекетте болсын. Сонымен қатар бізге конституцияны өзгерту керек. Осы ұрандарды біздің атымыздан шыққан үміткерлер, өз жалауына жазып шығады.

Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстардың алдағы сайлауға қойған мақсаттары әр-түрлі болғанымен, олардың басым көпшілігі сайлаудағы мүмкіндіктерін жоғары бағалайды. Билік партиясының мүшесі Абзал Нүкеновтың айтуынша,күзде өтетін сайлауда «Отан» партиясы үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз, деп үміттеніп отыр.

«Отан» партиясының мүшесі Абзал Нүкенов:

- Алдағы сайлауда біз 50-60 пайызға ие боламыз, деп үміттенеміз. Бұрынғы сайлауларда да жоғарғы көрсеткіштерге ие болғанбыз. Қазіргі кезде, жергілікті жерлерде біздің белсенді өкілдеріміз жұмыс жасап жатыр. Сол себептен біз 50 пайыздан кем алмаймыз, деген үміттеміз.

Қазақстанның Коммунисттік партиясы да өз мүмкіндіктері жоғары бағалайды, бірақ бұл партияның жетекшісі Серікболсын Әбдилдин билік тарапынан көрсетілетін қысым, бөгет болуы мүмкін,-дегенді айтады.

Қазақстанның Коммунисттік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин:

- Біздің мүмкіндіктеріміз өте зор, бірақ бізді жібермей отырған қазіргі билік, режим. Алған дауыстарымызды жоққа шығырады, сол арқылы бізге кедергі жасалатын, бұл тағыда қайталанатын әрекет, деп ойлаймын. Бірақ күреспей отыруға болмайды.

«Кем дегенде 25-30 пайыздық орынға ие болу керек!»

Өз мүмкіншілігін Қазақстанның Азаматтық партиясы осылай бағалайды. Азаматтық партиясының жетекшісі Азат Перуашевтың айтуынша, Азаматтық партиясы өз салмағын өсіру керек.

Қазақстанның «Азаматтық» партиясының жетекшісі Азат Перуашев:

- Менің пікірімше, біздің нәтижелеріміз өткен жылдармен салыстырғанда жоғары болады. Әрине біздің жоспар бойынша, мәслихаттардың құқығы көтерілгеніне байланысты, біздің депутаттарымыздың қатары 25-30 пайыз болу керек.

Азаматтық партия мен салыстырғанда Қазақстанның Республикалық халық партиясы өз ықпалына күмәнді емес, олар биліктің оларға мүмкіндік беретініне күмәнді. Сол себептен, Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосанов республикандықтардың атынан шығатын азаматтардың атын атаудан бас тартты.

Өз мүмкіншіліктерін жоғары бағалағанымен, нақты қалай бағалайтынын «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестік пен «Ақ жол» демократиялық партиясы айтпады.

Қалай болғанымен енді Қазақстанның саяси партиялары мен саяси қозғалыстары күзде өтетін сайлау науқанына кірісіп кетті. Нәтижесі күзде белгілі болар.
XS
SM
MD
LG