Accessibility links

АҚШ, Либерия астанасы Монровидегі өз елшілік ғимаратын күзетуге 40 теңіз ноянын атандырды.


Монровидегі ұрыстар шетелдік елшіліктер мен адамгершілік жәрдемін беруші ұйымдардың өкілдіктері орналасқан ауданға ауысып отыр. Либерия президенті Чарльз Тэйлорға берілген әскерлер бекінген қаланың орталығын көтерілісшілер басып алуға әрекеттенуде. Қаланың орталығында минометтерді пайдаланған атыстар жүріп жатыр. Әскери қылмыстарда айыпталған Тэйлор, таяуда, егер Либерияға американ бейбітшілік сақтау әскерлері келіп кірсе, онда өз орнынан кетіп, Нигерияға көшетіндігі туралы мәлімдеген болатын. АҚШ президенті Джордж Буш Либерияға өз әскерлерін жібермекші Африка елдерінің өкілдеріне өз жағынан қолдау көрсететіндігін айтып, уәде бергенімен АҚШ қосындарын бұл іске тікелей тарту турасында нақты шешім қабылдаған жоқ. Бейбіт тұрғындар арасында қанша шығын бары белгісіз, бірақ Қызыл Кресттің мәліметтеріне сай емханаларға жүздеген жаралылар жеткізілуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG