Accessibility links

Ирақтағы американдық қолға қарсы қарсылық таяу айларда еселеп өсе түседі.


Ирақтағы американдық қолға қарсы қарсылық таяу айларда еселеп өсе түседі,-деп АҚШ-тың Орталық қолбасшылық басшысы генерал Джон Абузейд мәлімдеді. Оның айтуынша, Саддам Хусейннің жақтастары елде бейбітшілік орнатуға қарсы танытады. Өткен тәулікте Ирақтың солтүстігінде әскери керуенді атқылау кезінде екі американдық қосын опат болып және бірі жараланды. Американ әскери басшылығының хабарлауынша, Бағдат әуе жайы маңында жол апатынан бір сарбаз мерт болып екеуі жараланған. Бағдаттан жүз шақырым оңтүстікте адамгершілк жәрдемін әкеле жатқан керуенге шабуыл жасалып, ирақтық жүргізуші оққа ұшып, бір шетелдік халықаралық адамгершілк көрсетуші ұйым өкілі жараланды. Ирақтың Ән-Наджаф қаласында 10 мың шиит мусылман шеру ұйымдастырып, американ әскерлерін әкетуді талап еттіп, Азаттық пен Демократия!-деп ұрандатып тұрды. Ирақтағы уақытша американ әкімшілігінің басшысы Пол Бремер, біз Ирақта орналасқан өз қолымызға кейбір өзгерістер жасауымыз қажет, деген пікірін білдірді. Олар жеңілдеп және жүріп тұруы икемдірек болуы тиісө соғыс аяқталуы себебінен бұнда көп мөлшердегі танкілер мен ауыр зеңбіректерді біз қажетсінбейміз,-деді ол.
XS
SM
MD
LG