Accessibility links

Израиль және Палестина үкімет басшылары Ариэль Шарон мен Махмут Аббастар келіссөздер өткізді.


Кеше Құдыста, яғни Йерусалим қаласында, Израиль және Палестина үкімет басшылары Ариэль Шарон мен Махмут Аббастар келіссөздер өткізді. "Жол картасы" деп аталатын халықаралық бейбітшілік орнату жоспары талқыланды. Израйль жүздеген палестиндікті қамаудан босатуға уәде берді. Тұтқыннан босанатындардың ақтық тізімі ай соңында Вашингтонда Шарон мен Аббас келіссөздер өткізгеннен соң бекітіледі. Ариэль Шарон қайтадан Махмут Аббасқа терроршылдық топтармен аяусыз күресуге шақырды. Жексенбі күні Палестина автононмиясының басшысы Ясир Арафат қан төгістер мен діни соғысты уағыздаушыларға қарсы күрес жүргізу туралы пәрменге қол қойды. Бұл шара "жол картасы" жоспарында қарастырылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG