Accessibility links

Қазақстанда жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлерді тіркеу басталды


Шілденің 21-інен бастап Қазақстанда жергілікті өкілді огандар - маслихаттарға депутат сайлауына үміткерлерді тіркеу жұмыстары басталды.

Бұл сайлауға үміткерлерді ұсыну маусым айының 27-інде басталған болатын. Қазір елдің Орталық сайлау комиссиясы жергілікті сайлау комиссияларынан келіп түскен құжаттарды қабылдап жатыр. Ал сайлауға қанша үміткердiң тіркелетінін айту әлі ерте деді дүйсенбі күні түстен кейін радиомыздың тілшісімен телефон арқылы тілдескен сөзінде Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

- Сайлауға үмiткерлердi ұсыну шiлденiң 20-күнi түнгi сағат 24-те аяқталды. Қазiр олардың құжаттары сараланып жатыр. Тiркеу шiлденiң 21-iнен тамыздың 10-ынан дейiн жүргiзiледi. Жалпы, республика бойынша сайлау өтетiн 3322 округтiң 550-iнде – облыстық, 2147 округте – аудандық және 629 округ бойынша қалалық маслихаттарға депутаттар сайлауы өтедi, - дедi Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Осы уақытқа дейiн Орталық сайлау комиссиясына сайлауға қатысты 5 шағым-өтiнiш түсiптi. Олардың арасында маслихат депутаттығына үмiткерлермен бiрге Ақмола облысынан республика парламентiнiң сенатына сайлауға түсiп отырған А.Божбанова есiмдi азаматшадан да арыз келiп түскен.
XS
SM
MD
LG