Accessibility links

Алматыдағы республикалық балалар экологиялық шарасының ашылу салтанаты


Дүйсенбі күні Алматыдағы Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында «Жер біздің ортақ үйіміз» деген тақырыпта республикалық балалар экологиялық шарасының ашылу салтанаты болып өтті.

Оған бүкіл республика бойынша 35 дарынды суретші қатысты. Осы шараның бастаушысы әрі демеушісі «ШевронТексако» компаниясы.

Балалар шығармашылық жұмыстарының негізгі мазмұны экология тақырыбы, қоршаған ортаны қорғау, жер-ананың сұлулығы, адамдар достығы, туған табиғатқа деген махаббат.

Шілденің 27-сіне дейін өтетін бағдарлама аясында Түрген шатқалына, Шарын каньонына, Медеу сайы мен ірі музейлерге жасалатын экскурсиялар секілді шаралар қарастырылған.

Өзінің сөзінде компанияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Гильберт Анкенбауэр «ШевронТексако» Қазақстанның болашағын инвестициялайды дегенді айтты. Сондықтан да жас химиктердің, математиктердің, экономистер мен суретшілердің қабілеттерін дамыту мен ашуға арналған жобалар жүзеге асырылады.
XS
SM
MD
LG