Accessibility links

Ұлы Британияның қорғаныс министрінің кеңесшісі болған Дэвид Келлидің өзіне-өзі қол салып өлген себептерін тергеу міндеті жүктелген лорд Хаттон тергеуге кімдердің шақырылатыны және қанша адамның шақырылатыны туралы таяу күндері шешім қабылдайды.


ЛОНДОН: Ұлы Британияның қорғаныс министрінің кеңесшісі болған Дэвид Келлидің өзіне-өзі қол салып өлген себептерін тергеу міндеті жүктелген лорд Хаттон тергеуге кімдердің шақырылатыны және қанша адамның шақырылатыны туралы таяу күндері шешім қабылдайды. Оның сөзіне қарағанда, британ үкіметі мейлінше ашық та жариялылық жағдайында жүзеге асырылатын тергеу барысына кең қолқабыс көрсетуге уәде берген. Жексенбі күні Би-Би-Си корпорациясы ағылшын үкіметінің Ирақтан төнген соғыс қатерін асырып көрсетті деген репортажының Дэвид Келли берген мәліметтерге негізделгенін растады. Ал Келлидің күре тамыры кесілген денесін полиция өткен жұма күні аңғарды. Дэвид Келлидің өлімі Тони Блэр бастаған ағылшын үкіметін тығырыққа тіреді.
XS
SM
MD
LG