Accessibility links

Либерияның астанасы – Монровияда өкімет әскері мен қаланың орталығына бұзып жарып кірмек болған көтерілісшердің әскері арасындағы кескілескен айқастың салдарынан 60-тан аса адам құрбан болды.


МОНРОВИЯ: Либерияның астанасы – Монровияда өкімет әскері мен қаланың орталығына бұзып жарып кірмек болған көтерілісшердің әскері арасындағы кескілескен айқастың салдарынан 60-тан аса адам құрбан болды. Халықаралық қайырымдылық миссияларының ақпары бойынша, АҚШ-тың Монровиядағы елшілік ғимаратын минаатқыштардан атқыланған кезде ғана 25-ке жуық кісі көз жұмды. АҚШ елшілігінің күзетін күшейту мақсатында қалаға қатарында 40 теңіз жаяу әскер жауынгеріі бар АҚШ қосыны келіп жетті. АҚШ президенті Дж.Буш Либериядағы қалыптасқан ахуалға алаңдаушылық білдіріп, өз әкімшілігінің оқиғалардың желісін мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеді. Бірақ Либерияға АҚШ әскерін жөнелту туралы әлі шешім қабылданбаған.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG