Accessibility links

Ирақтағы біріккен күштердің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Бернард Керик Ирақ полициясының бұрынғы офицері Хассан Әли Обайдиді Бағдад полициясы бастығының міндетін атқарушы етіп тағайындады.


БАҒДАД: Ирақтағы біріккен күштердің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Бернард Керик Ирақ полициясының бұрынғы офицері Хассан Әли Обайдиді Бағдад полициясы бастығының міндетін атқарушы етіп тағайындады. Сондай-ақ Ирақтың ішкі істер министрінің орынбасарлары міндетін атқаруға тағы екі адам тағайындалды. Бұрын Нью-Йорк полициясының бастығы болған Бернард Кериктің мәлімдеуінше, Ирақтағы коалициялық күштер таяу күндері Ирақтың жаңа 30 мың полицейін даярлау үшін полицейлердің халықаралық жасағын құру туралы үндеу көтереді. Кериктің мәлімдеуіне қарағанда, алдағы апталардың бірінде Бағдад полицейлерінің айлық жалақысы 2 есеге – 120 долларға дейін өседі.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG