Accessibility links

Иран президенті Моһаммад Хатами елдің сот жүйесін 10-ыншы шілде күні Теһран түрмесінде соққыдан қаза болған канадалық журналист әйел Заһра Каземидің өліміне жауапты адамдарды табуға шақырды.


ТЕҺРАН: Иран президенті Моһаммад Хатами елдің сот жүйесін 10-ыншы шілде күні Теһран түрмесінде соққыдан қаза болған канадалық журналист әйел Заһра Каземидің өліміне жауапты адамдарды табуға шақырды. Заһра Каземи - Иран түрмелеріндегі қорлық-зорлықтар туралы материал жазып жүрген көрінеді. Ол Теһран түрмелерінің бірін суретке түсіріп жүрген кезінде қамауға алынды. Иран парламентінің реформаторлық көзқарастағы депутаттары өздері басты айыпты деп санап отырған Теһран прокуроры Саид Муртазавиді қызметтен босату жөніндегі петицияға қол жинауға кірісті. Канада, өз кезегінде, Иранды Каземидің өліміне кінәлі кісілерді ертерек тауып, жазаға тартуға шақыруда.
XS
SM
MD
LG