Accessibility links

Алматыда шағын және орта бизнес мәселесіне арналған конференция басталды.

  • Досан БАЙМОЛДА

Шілденің 22 –сі күні Алматы қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы яғни ОБСЕ-нің Алматыдағы өкілдігі мен Алматылық кәсіпкерлер қауымдастығы бірлесіп шағын және орта бизнесті қолдау, салық мәселесі тақырыбында конференция өткізді.


Конференцияға Алматыдағы халықаралық ұйымдардың өкілдері және мемелекеттік мекемелердің өкілдері сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер өкілдері қатысты.

Бұл жолғы конференция ОБСЕ –нің қолдауымен биылғы жылы көкек айында басталған бақылау-қадағалау мәселелері мен кәсіпкерлік арасындағы байланыс этикасы деген жоба аясында өтіп жатыр.

Конференцияда сөз алған ОБСЕ –нің Алматыдағы өкілдігінің басшысы Антон Рупник:

- Қазақстанда орта және шағын бизнеспен айналасушыларға мемелекеттік бақылау, тексеру және салық мекемелері тарапынан жөнсіз тиісу, себепсіз тексеруден болып жұмысқа кедергілер келіп жатқандығы конференцияда айтылды. Дәл осындай жағдай Еуропаның шығыс елдерінде де кезігеді. Бұл мәселеде ОБСЕ ұйымы қазақстандық кәсіпкерлерге қамқорлық көрсететін болады. Бүгінгі конференция өткізудің бір мақсаты да осы болмақшы - деді.

Конференция шілденің 23 і күні де өз жұмысын жалғастырады.
XS
SM
MD
LG