Accessibility links

Ресейде Орталық Азия мен Кавказ елдерінен келушілерге нәсілшілдер тарапынан шабуылдар артып отыр


Орталық Азия аймағындағы ауыр экономикалық жағдай жүздеген мың адамдарды Ресейден жұмыс іздеуге итермелесе, бұлардың қатарында Тәжікістан азаматтары басым.

Көптеген тәжіктер Ресейде заңсыз жұмыс істеп, қамауға алынып кейін күшпен еліне қайтарылады. Бірақ тәжік қара жұмысшылары жұмыс орындарында жазатайым болып болмаса, сақшылар мен нәсілшілдерінің соқысынан көз жұмып өз отанына табытқа салынған күйі оралып жатыр.

Ресейге күн көріс үшін кеткен тәжік қара жұмысшылары ұрып соғулар мен кемсітулерге ұшырайды, тіпті табытқа салынған күйі еліне оралып жатыр,-дейді Душанбедегі ресми өкілдер. Тәжікістанның Бас көлік прокуроры Құрбанәлі Мұқабатовтың Азаттыққа айтуынша "Осы жылдың алғашқы алты айында елге 211 Тәжікістан азамттының мәйіті әкелінді. Олардың 42-і кісі қолынан, 61-і жазатайым жағдайдан және 81-і ауру сырқаудан кетті."

Прокурор 27-і тәжіктің өлімінің себебін түсіндірмеді. Мұқабатовтың айтуынша, өткен жылы Ресейден 328 тәжіктің мәйіті қайтарылса, соның 68-і өлтірілген. Біздің кеңсе тек ұшақ және поезд арқылы әкелінген мәйітерді тіркейді, ал қаншама адамның автокөлікке салынып әкелінгенін айту қиын,-дейді Мұқабатов.

Мәскеуде тіркелген "Инсон" атты Тәжік адам құықтарын қорғау ұйымының басшысы Мұзафар Зариповтың айтуынша, Ресейде тұрып жатқан 800 мың тәжіктің 60 пайызы заңсыз келген қара жұмысшылар. Ресейде жұмыс жасаушылар айына орташа есеппен 200 доллардың ақшасын тапса, өз еліндегі табыс 10 нан 15 доллар шамасында. Заңсыз келген тәжік қара жұмысшылары әлеуметтік тұрғыдан қорғансыз болғандықтан, олар егер ауру сырқау болса жұмыста жарақат алса онда ешқандай дәрігерлік жәрдем алмайды. Әрі олардың құқықтық мәртебесі де болмауынан оларға қарсы әртүрлі шабуылдарды көбейтеді,-дейді Зарипов. Тәжіктер еліне оралмақ шақта оларға қылмыскерлер шабуыл жасап, азын аулақ ақшасын күшпен тартып алып өздерін соққыға жықсада, олар бұл келеңсіздіктер туралы сақшыларға қабарламайды, өйткені олар Ресейлік билік орындары тарапынан қосымша қыспаққа қалатындығынан қорқады. Сондай-ақ,- дейді Зарипов, - сақшылардың өздері тәжіктерге күн көрсетпейді.

Осыдан екі ай бұрын Мәскеудің Мытищи ауданындағы үйге, сақшалар түңгі сағат 2-де келіп кіріп, тінту өткізгенде бір тәжік жігітін олар тепкілеп өлтірді,-дейді ол.

Зариповтың айтуынша, Ресейлік нәсілшілдердің тәжіктерге шабуылдары әсіресе Мәскеу поездарында артып отыр. Ресейдегі босқындарға қол үшін беретін үкіметтік емес Азаматтық Көмек комитетінің өкілі Елена Буртина, тәжіктер сақшылар тарапынан қудалауларға ұшырайтын топтың бірі, олар Кавказ және Орталық Азия ұлт өкілдері ретінде скинхеттердің шабуылдарына душар болып жүр,-деді.

Бұрынғы Совет Одағындағы адам құықтарының аяқ асты етілу мәселесі бойынша бұрынғы Советтік диссидент және Прима баспагерлік агентігінің басшысы Александр Подробниктің Азаттыққа айтуынша, ол орыстардың барған сайын нәсілшіл болып бара жатқанына сенімді. Оның айтуынша, Ресейдегі асыра ұлтшыл топтар бас көтеріп отырғанымен, билік орындары оларға қой демейді. Ресей үкіметті, шетелдіктерге қарсы шабуылдарға көз жұма қараушылығымен бұндай қылмыстарды одан сайын артыра түсуде,-дейді Подробник.

Мәселенің басты түйіні, ол бейкүнә адамдарға шабуылдаушылардың жауапқа тартылмауында. Өзге қалаларға қарағанда Мәскеуде сақшылар мен күзетушілердің көптігіне қарамастан, бұнда шабуылдар көп жасалады. Бірақ бет бейнесі славян тақылетті емес адамдарға нәсілшілдердің шабуылдауы тиылар емес, бұндай қылмыскерлер көбіне жауапқа тартылмайды. Тіпті іс сотқа дейін жеткізілсе, ол тек шамалы ғана жауапкершілікке тартылады,-дейді ол.

Тәжіктер Ресейде қоқан лоқыға тап болып отырған жалғыз сырттан келгендер емес. Азаматтық Көмек комитетінің өкілі Елена Буртинаның айтуынша, ол бірнеше апта бұрын Грузия, Армения және Ауғаныстаннан келген иммигрантармен тілдескен. Мен олардан сіздер Ресейде шабуылдарға ұшырадыңыздар ма? - деп сауал қойғанымда, алты не сегіз адамнан тұратын топ өкілдері өздерінің шабуылға ұшырап және соққыға жығылғандықтары туралы мәлімдеді, сондай-ақ, олардың ешқайсысы да, өздері көрген зорлық-зомбылықтары туралы билік орындарына шағым айтпаған,-дейді Буртина ханым.
XS
SM
MD
LG