Accessibility links

Сейсенбі күні Израильдің солтүстігіндегі Шломи қаласында Ливан жағынан атқылаудың нәтижесінде 2 адам жараланды.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Сейсенбі күні Израильдің солтүстігіндегі Шломи қаласында Ливан жағынан атқылаудың нәтижесінде 2 адам жараланды. Сейсенбі күні, сондай-ақ, Кирьят-Шмона атты тағы бір қала атқыланды. Адам қазасы немесе жапа шеккендер жоқ. Ливан территориясында шоғырланған “Хезболлаһ” тобының өкілдері мәлімдегендей, олар Ливанның әуе кеңістігіне бұзып кірген Израильдің 2 ұшағына оқ атқан. Осы күні Израиль жауынгерлері Иордан өзенінің Батыс жағалауымен шекара бойында израильдік бір арабты атып өлтіріп, оның серігін жаралады. Израильдік әскерилердің сөзіне қарағанда, әлгі араб отырып келе жатқан автокөлік іздеуде жүрген террористің мәшинесіне ұқсаған көрінеді. Автокөлік жүргізуші тоқтамай, жауынгерлер оқ атуға мәжбүр болған. Істің артынша мәлім болғаны, автокөліктің рулінде отырған адамның мәшине жүргізуге қажетті құжаты болмай, жазаға тартылудан қорқып тоқтамаған.
XS
SM
MD
LG