Accessibility links

Либериядағы көтерілісшілер күштерінің басшылығы атысты доғарғаны туралы жариялады. Батыс Африка елдері Либерияға бітімгершілік күштерін жолдау мәселесін талдауға кірісті.


МОНРОВИЯ: Либериядағы көтерілісшілер күштерінің басшылығы атысты доғарғаны туралы жариялады. Бірақ, Либерия астанасынан келіп жатқан ақпарға қарағанда, көтерілісшілер мен президент Чарльз Тэйлорға адал әскер арасындағы қақтығыстар әрі қарай жалғасуда. Соңғы күндері үзіліссіз жалғасқан қантөгістердің салдарынан 100-деген бейбіт халық құрбан болды. Батыс Африка елдері Либерияға бітімгершілік күштерін жолдау мәселесін талдауға кірісті. Алайда, Нигерияның президентінің сейсенбі күні ескерткеніндей, бітімгершілік күштері елге қантөгіс тоқтағанда ғана келетін болады. Америка Құрама Штаттары Либериядағы дағдарысты реттеуге көмек беруге дайын, бірақ бітімгершілік шараларына атсалысу туралы ұйғарымға келген жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG