Accessibility links

Ирақтағы АҚШ әскерінің басшылығы Саддам Хусеиннің екі ұлы – Құсайдың да, Үдейдің де қаза болғанын растады.


БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ әскерінің басшылығы Саддам Хусеиннің екі ұлы – Құсайдың да, Үдейдің де қаза болғанын растады. Сейсенбі күні Бағдадта ұйымдастырылған баспасөз-маслихатында генерал Рикардо Санчестің мәлімдегеніндей, әскер басшылығына бұрынғы Ирақ диктаторының ұлдары Мосул қаласындағы туыстарының үйінде бас сауғалап жүр деген ақпар жеткен. Ол үйді американ жауынгерлері қоршауға алып, ондағылар өліспей беріспейтіндей қарсы оқ жаудырған. Әскери тікұшақтардың қатысуымен болған ол атыс 6 сағат бойы жалғасқан. Саддам Хусеиннің екі ұлымен бірге әлгі атысқа аты-жөні әзірше жарияланбаған тағы 2 адам қатысқан. Іздеу жарияланған бұрынғы Ирақ басшыларының тізімінде Құсай мен Үдей – 55 кісінің ішінде 2-нші және 3-інші болып тұрған көрінеді. Кезінде Саддам ұлдары туралы ақпарға АҚШ-тың әскери басшылығы әрқайсысы үшін 15 млн. доллардан сыйақы тағайындады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG