Accessibility links

АҚШ прокуратурасы тұтқынға түскен талибандарға арналған Кубадағы Гуантанамо лагерінде отырған ұлыбританиялық екі азаматты өлім жазасына кесуді талап етпейді.


ВАШИНГТОН: АҚШ прокуратурасы тұтқынға түскен талибандарға арналған Кубадағы Гуантанамо лагерінде отырған ұлыбританиялық екі азаматты өлім жазасына кесуді талап етпейді. Ол жайында Вашингтонда британ азаматтарының тағдырын АҚШ өкілдерімен талдасқан Ұлы Британияның жоғарғы прокуроры Питер Голдсмит хабарлады. Ол атап көрсеткендей, американ жағымен британдықтардың мәселесінде “айтырлықтай жетістікке” қол жеткен. Олардың тағдыры туралы мәселені британ премьер-министрі Тони Блэр АҚШ-қа таяуда барған сапары кезінде көтерген. АҚШ өкіметі 2 британ азаматын “Әл-Қаида” террористік ұйымына мүше болды деп есептейді.
XS
SM
MD
LG