Accessibility links

Алматыда демократиялық бағыттағы сайлау алдындағы коалициялық күштер блогы құрылды


Сәрсенбі күні Алматыда демократиялық бағыттағы сайлау алдындағы коалициялық күштер блогы құрылды.

Осыған орай «Қазақстан» қонақ үйінде өткізілген дөңгелек стoл басқосуына парламент депутаттары, түрлі қозғалыс, партиялардың өкілдері, журналистер қатысты. Коалициялық күштер блогының төрағасы депутат В.Косарев сөз алып, бұл үлкен коалициялық бірлестік, оған кез-келген қозғалыс, ұйым өкілдері мүше болып кіре алады деді.

- Қазір билікте толып жатқан қателік бар. Атқамінерлер жаппай жемқорларға айналып кетті, депутаттар болса, әкімдер алдында үнсіз, өте сылбыр, бүгежектеп, ештеңе бітірмей отыр. Сондықтан, сайлаушылар халық алдында өз міндеттерін лайықты атқара білетін азаматтарды дұрыс таңдай білуі керек, - деді В.Косарев.

Отырыс барысында сөз алған қоғам қайраткері Балташ Тұрсынбаев, ДТҚ саяси кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов, «Поколение» қозғалысының жетекшісі И.Савостина, ДТ қозғалысының төрағасы, мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасынов, сенатор Зәуреш Батталова және басқа азаматтар сайлау алдындағы коалициялық блоктың мақсаты туралы айтты.
XS
SM
MD
LG