Accessibility links

Жол құрылысына жаңа технологияларды пайдалану


Шілденің 23-і күні Көлік және коммуникация министрлігінде жаңадан салынған автокөлік жолдарының және әуежайлардағы ұшу-қону алаңдары төсеніштерінің сапасын арттыру мәселесі қаралған ғылыми-сараптамалық кеңес өтті, - деп хабарлайды аталған минситрліктің баспасөз қызметінен


Биыл республикалық бюджеттен жол құрылысын жүргізуге 33 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Үкімет бағдарламасы бойынша республикалық маңызы бар 36 жолды салу және жөндеу жоспарланып отыр. Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз хатшысы Қайырбек Сәдуақасовтың айтуынша, ғылыми-сараптамалық кеңесте жол құрылысына армабетонды пайдаланудың тиімді-тиімсіз жақтары, сондай-ақ, жол салуда суық рейсаитлинг қолдану жайы әңгіме болған. Суық рейсайтлингті қолданудың Қостанай облысында жинақталған тәжірибесін республиканың барлық аймақтарына тарату қажеттігі айтылған. Сонымен қоса жол саласында 1-ші және 2-ші категориялы жолдарға, ұшу-қону алаңдарына армабетонды пайдалану үшін арнайы сынақ өткізу тапсырылған.
XS
SM
MD
LG