Accessibility links

БҰҰ ресми өкілдері Ирақта өзін-өзі басқару өкіметін құру процесін тездетуге шақыруда.

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Ирақтың егеменді өкіметін қайта қалпына келтіру ісіне айқын жолбасшылық жасауға Ирақтағы АҚШ-тың бастауындағы коалициялық өтпелі билікті БҰҰ-ның ресми өкілдері шақыруда.

Ирақ егеменді өкіметін қайта қалпына келтіруде ондағы АҚШ-тың басқаруындағы өтпелі өкіметтің айқын рөл атқаруы тиістігі жөніндегі өз талаптарын БҰҰ-ның өкілдері сейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған баяндамасында айтып өткен. Ирақтағы әлгі уақытша өкімет тұсынан құрылған Кеңестің бір мүшесі де өз жолдауын жасап, БҰҰ-дағы Ирақ елінің өкілдері ретінде өз тобының мойындалуына күш салмақшы-, дейді Азаттық радиосының тілшісі Роберт МкМахон арнайы хабарында.

Осылайша, БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан биліктің ирақтықтарға тезірек өткізілуіне бастайтын жоспарды тездетуді Ирактағы аралық биліктен талап етіп отыр. Өз сөзінде Аннан мырза Ирақ өкіметі жанынан арнайы Кеңестің құрылғандығын қызу қуаттай келіп, бұл кеңес Ирақтағы барлық халық өкілдерін кең қамтуда деді. Аннан мырзаның өкілі Фред Екхардтың айтуынша, бас хатшы сондай-ақ толық егеменділіктің қайтарылуына орай нақты жұмыс кестесін ирақтықтар көре алуы тиіс деген екен.

- Бас хатшы өз баяндамасында, әскери басқыншылыққа нүкте қоюға апаратын қадамдардың айқын да арнайы кезегін баяндаудың аса қажеттігін айтты-, дейді Екхард мырза.

Аталған мәселеге орай Аннан мырза және оның Ирақтағы арнайы өкілі Сергио Виейра де Мелло мырза Қауіпсіздік кеңесінде арнайы түрде қысқаша баяндап өтті. Одан кейін Ирақта жаңа құрылған кеңестің екі мүшесі де өз хабарламаларын жасады. Ирақтың жаңа құрылған Кеңесінен БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне келіп отырған үш адамдық топтың мүшелерінің бірі- Ирақ ұлттық конгресінің басшысы Ахмед Чалаби, келесісі- бұрынғы дипломат және Кеңестегі үш әйелдің бірі Акила әл-Хашеми, үшіншісі- бұрынғы Сыртқы істер министрі Аднан Пачачи.

Журналистерге берген сұхбатында Аннан мырза Ирақ елінен келген бұл жаңа топқа Қауіпсіздік кеңесінің қолдау көрсететіндігін айтты. Аталған ирақтық топтың кең тұрғыда бұлайша танылуы Ирақ соғысына қарсы боп келген мемлекеттердің осы елге қолдау көрсетулеріне жол ашып бермекші. Себебі, бұған дейін ол мемлекеттер АҚШ бастаған коалицияның Ирақтағы басқыншылық әрекеттеріне үлес қосқандай болғысы келмегендіктен, Ираққа көмек қолын соза қоймағаны белгілі. Ирақта өсе түскен қарсылықтарға одан әрі душар болып, сондай-ақ бұл мәселелерге көп қаржысы кетіп жатқан АҚШ үшін қазір де бұл істе халықаралық қолдауға ие болу аса маңызды күйінде қалып отыр. Осыған байланысты ойларын қайталай келіп, АҚШ елбасы Жорж Буш:

- Қауіпсіздік кеңесі тарапынан қабылданған 1483-ші қарар бойынша АҚШ-тың бастауындағы Ирақта құрылған уақытша әкімшілік мойындалған. Ендеше мұның өзі өзге елдердің аталған коалиция әрекеттеріне қолдау көрсетуін жүктейді-, деді.

Егер Ирақтағы БҰҰ-ның ролін кеңейтуге мүмкіндік беретін жаңа қарар қабылданған жағдайда ғана өз елдерінің Ирақты қайта қалпына келтіру істеріне үлестерін қосатындығын Франция, Ресей және Үндістан елдері басқа мемлекеттер қатарында мәлімдеп отыр. Вашингтонда орналасқан Стратегия және халықаралық зерттеулер орталығының сарапшысы Басшеба Крокер бұл жөнінде былай дейді.

- Бұл кеңестің болашақта шын мәнінде маңызды рөлге ие болуын тілейміз. Сондай-ақ мұның өзі Ирак халқын саяси және басқа да шешімдерді қабылдауға араластыруға күш салу болар еді. Және БҰҰ-ның қолдауына ие болу аталған іске нақтылық берер еді. Мұндай қадамның табысты болары да сөзсіз-, деді Крокер ханым.

- Қауіпсіздік кеңесіне бас хатшының жасап отырған бұл жолдауы БҰҰ-ның Ираққа қайырымдылық көмек көрсету және даму тұрғысындағы ұмтылыстарына жаңа жолдар ұсынуда. Ираққа баратын жаңа күштерді Аннан мырза бейбітшілік сақтау күштері деп атаған жоқ. Ол сондай-ақ Ирақта халықаралық полиция күштерінің қалыптасуына да қарсы пікір айтты. Дей тұрғанмен, аталған елдегі азаматтық полиция күштерін дайындауға және жаттықтыруға БҰҰ-ның көмек беретіндігін атап өтті дейді мақала авторы.
XS
SM
MD
LG