Accessibility links

Нью-Йорк мэриясында белгісіз бір қаскүнемнің тапаншадан оқ атуы нәтижесінде, кем дегенде 1 адам мерт болып, тағы екеуі жараланды.


НЬЮ-ЙОРК: Нью-Йорк мэриясында белгісіз бір қаскүнемнің тапаншадан оқ атуы нәтижесінде, кем дегенде 1 адам мерт болып, тағы екеуі жараланды. Куәгерлердің сөздеріне сүйене отырып Си-Эн-Эн телеарнасы мен басқа Батыс ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, оқ атқан кісі біреуден кек алу мақсатын көздеген. Көздеген адамын өлтірген соң, ол екі полицейді жаралаған. Мэрия күзеті оған қарсы оқ атқан. Бірақ оның не өлгені, не жараланғаны белгісіз. Нью-Йорк мэрі Майкл Блумбергтің хабарлауынша, 1 адам өліп, 1 адам жараланған. Атыс қалалық кеңестің мәжілісі кезінде басталған. Қаскүнем бас сауғалап үлгерген, бірақ оның сырт пішінін көргендер бар.
XS
SM
MD
LG