Accessibility links

Кеше Мәскеу соты ЮКОС мұнай компаниясының “Менатеп” қаржы орталығының директорлар кеңесі төрағасының ұсталуын заңды деп тапты.


“ЮКОС мұнай компаниясының төңірегіндегі жағдай елдің беделіне нұқсан келтіреді және инвесторлардың көңіл күйіне кері әсер етеді” деп мәлімдеді, Ресейдің премьер- министрі Михаил Касьянов.Ол бұл жайында Новосибир облысында болған кезде айтты. Ресей премьер-министрі Касьянов ЮКОС иегерлерінің бірі Платон Лебедевтің ұсталуы жөніндегі өзінің бағыты өзгермейтіндігін айтты. Оның айтуынша, экономикалық қылмыстар бойынша күдік тағылуы - тұтқындап қамауда ұстауға негіз болмауға тиіс. Кеше Мәскеу соты ЮКОС мұнай компаниясының “Менатеп” қаржы орталығының директорлар кеңесі төрағасының ұсталуын заңды деп тапты. Платон Лебедев шілденің 3-і күні 1994 жылы 300 млн долларға жуық акцияны ұрлады деген күдікпен тұтқындалған болатын.
XS
SM
MD
LG