Accessibility links

Оңтүстік Шығыс Азия мен Европа Одағының сыртқы істер министрлері Пхеньянды ядролық қаруды дайындауды тоқтатуға шақырды.


Оңтүстік Шығыс Азия мен Еуропалық Одақтың сыртқы істер министрлері Солтүстік кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселе бойынша көпжақты келіссөздер өткізу керектігін шешті. Индонезия аралы Балидегі мәжіліске қатысушы министрлердің бірлескен мәлімдемесінде Корей жарты түбегінің ядролық қаурсыз мәртебесі - аймақта тұрақтылықты қамтамасыз етеді делінген. Министрлер сондай-ақ, Пхеньянды атомдық энергия жөніндегі халықаралық агенттікпен ынтымақтастықты жаңартуға және ядролық қаруды дайындауды тоқтатуға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG