Accessibility links

Алты айда 951 адам жол апатынан қаза болды


Үстіміздегі жылдың өткен алты айында республика көлемінде орын алған 5304 жол көлік оқиғасынан 951 адам қаза болып, 6366 адам жарақат алды.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, республика бойынша болған жол апаттарының саны 3,1 пайызға өсті.

Көлік апатынан қайтыс болғандар саны 13,3 пайызға артты,-деп баяндалған Ішкі істер министрлігінің жол-көлік полициясы департаменті таратқан баспасөз мәлімдемесінде.

Жол көлік апаты әсіресе, Астана қаласы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында жиі орын алған.

Көлік апатының өсуі ауылдық жерлерде де кездесіп отыр. Бұл жағдай, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды; Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы ауылдық елді-мекендердің үлесіне тиеді.

4000-нан аса жол апаты көлік жүргізушінің кінәсінен болып отыр. Республика бойынша жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған жол-көлік апаттарының өсуі 3,2 пайызды құраған. Мұндай жағдайлар әсіресе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай; Жамбыл; Павлодар, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жиі кездеседі. Үстіміздегі жылдың алты айында республика көлемінде болған 9 ірі жол көлік апатынан 38 адам адам қаза болып, 40 адам әртүрлі жарақат алған.
XS
SM
MD
LG