Accessibility links

Ирақтың Басқару Кеңесі БҰҰ-ға қолдау көрсетуге шақырады.


Ирақтың соғыстан кейінгі бірінші өкілетті кеңесі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің алдында өзінің халықаралық қауымдастықпен серіктестік құруға дәрменді екендігін білдірді.

Ирақтық өкілдер демократиялық жолмен таңдалған үкіметті тез арада құруға атсалысатыны туралы уәде берді. АҚШ пен БҰҰ-ның ресми өкілдері тұрақты үкімет құрылғанша жаңа кеңесті өтпелі билік орны деп, оған халықаралық көмек көрсетілуіне шақырды. Бірақ жаңа кеңестің бұндай мәртебеге ие болар-болмасы белгісіз.

Ирақтың жаңа басқару кеңесі елде саяси реформалар мен қайта құруларды өткізу үшін халықаралық қолдау көрсетілуіне шақырды. Сейсенбі күні Кеңес өкілдері БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен кездесіп, тұңғыш рет халықаралық қауымдастықтың алдында көрінді. БҰҰ-ы мен Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдері ирақтықтардың топ мүшелерін құттықтағанымен де, оларды БҰҰ-ында ресми түрде мойындауға ұсынбады.

Топ мүшесі бұрынғы дипломат Аднан Пачачи өзінің Ирақ халқы атынан сөйлеп тұрғандығын айтты.

- Ирақ бұдан бұлай үрей жайлаған және әділетсіздік орнаған қоғамға оралмайды, бірақ біздің елде қоғамдық қауіпсіздік пен жалпы тұрмыс жағдайы алаңдаушылық тудырады, - деді Пачачи.

Оның айтуынша, жаңа Басқару кеңесі ирақтықтардың сеніміне ие болуы тиіс.

- Біздің тап болып отырған қиыншылықтарымыз шашетектен және Басқару Кеңесінің жауапкершілктері тым көп, ауыр және сан-алуан. Бұл кеңес мүшелері арқалаған жауапкершілкті елемеуге болмайды. Біз ирақтықтардың толық қолдауына зәруміз және біз Ирақ халқына бұндай тарихи кезең кезінде жоспарларды іске асыруға біздің шамамыздың келетіндігін көрсете білуіміз қажет. Кеңес уақытша әкімшіліктің жұмысын мүмкіндігінше тез атқарып, елде тәуелсіз және әділ сайлаулардың болуын қамтамасыз етуге тырысады, - деді Пачачи.

Өз жоспарлары қатарында ол 30 мың сақшыны үйретіп, кемінде 1 мың 500 мектеп пен емхананы ашып, үкімет қызметкерлеріне жалақы төлеп және 200 мыңнан аса бұрынғы сарбаздарды жаңа мамандықтарға баулудың мүмкіндігі бар екендігіне тоқталды.

Ирақтың кеңесі уақытша ресми өкілдерді тағайындауға, бюджетті қабылдауға және ішкі саясатты жүргізе алуға құқылы болғанымен, АҚШ басшылығындағы одақтастар бұған вето сала алады.

Кеңесті Ирақтың суннит және шиит дінбасылары сынап, бұл АҚШ басшылығындағы биліктің өз басып алуларын саяси бүркемелеулері деп кекетуде.

БҰҰ-ның Ирақтағы арнаулы өкілі Сержио Виеира де Мелла жаңадан құрылған кеңеске мүмкіндік берілуі керек деді.

- Кеңеске қазіргі уақытта керек нәрсеге келсек- ол күмәннан аулақ тұру. Бұл менің шүбәләніп тұрғаным емес.Бұл менің сын білдіріп тұрғаным емес- ондайға бару - қазіргі сәтте ең оңай нәрсе. Кеңеске қазір керек боп тұрғаны- Ирақтың қолдауы, ондай қолдауға қол жеткізіледі, менің бұрында айтқанымдай, ондай қолдау кеңестің күнделікті әрекеттерінің және ол жасайтын шешімдердің, сондай-ақ ол көрсететін ынтымақтастықтың нәтижесінде қалыптасады.

БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Джон Негропонтте Ирақ кеңесіне қолдау көрсетілуіне тоқталды.

- Қауіпсіздік Кеңесінің 1483-ші шешіміне сүйеніп ирақтықтарға қажет және ирақтықтар арқылы Ирақ үкіметін құру жұмыстары іске асырылуда. Бұл Басқару Кеңесі халықаралық қауымдастықтың толық қолдауын алуға лайық, әсіресе осы кеңес.

Сейсенбі күні франциялық және германиялық өкілдер Ирақты қалпына келтіруде БҰҰ-на негізгі роль берілуі туралы қайтадан өз ойларын білдірді. Германия елшісі Гюнтер Плойгердің айтуынша:

- Біздің пайымдауымызша, жеке халықарылық қор құрылар болса, онда ол кейбір БҰҰ-ның мүшелерінің Ирақты дамыту қорына деген сенімсіздігін сейілткен болар еді.

АҚШ ресми өкілдерінің айтуынша, Мемлекеттік хатшы Колин Пауелл Ирақтағы БҰҰ-ның мандатын кеңейту бойынша Кофи Аннанмен өзге де елдердің Сыртқы істер мекемелерінің басшыларымен сөйлескен.
XS
SM
MD
LG