Accessibility links

АҚШ Конгресі 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі террористік қастандықтың алдын орай алмаған елдің арнайы қызметтерін ащы сынға алды.


ВАШИНГТОН: АҚШ Конгресі 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі террористік қастандықтың алдын орай алмаған елдің арнайы қызметтерін ащы сынға алды. Бейсенбі күні Вашингтонда Сенат пен өкілдер Палатасының барлау қызметтерінің істері жөніндегі комитеттерінің бірлесіп әзірлеген баяндамасы жария етілді. 900 беттен тұратын баяндамада Федералдық тергеу Бюросы, Орталық барлау басқармасы мен басқа да арнайы қызметтердің араларында террористердің арам жоспарларын әшкерелеуге мүмкіндік беретіндей ақпарат алмасу жүйесі болмағанын дәлелдейтін көптеген мысал келтірілген. Мысалға, баяндамада атап көрсетілгендей, 1994-інші жылдан бері қарай арнайы қызметтердің қолдарында террористердің АҚШ-тағы маңызды нысандарға басып алынған ұшақтармен соққы беру мүмкіндігі талданып жатқаны туралы дерек болған.
XS
SM
MD
LG