Accessibility links

“Единая Россия” немесе “Біртұтас Ресей” партиясы Чешенстандағы президент сайлауында республика әкімшілігінің қазіргі басшысы А.Қадыровты қолдайды.


МӘСКЕУ: “Единая Россия” немесе “Біртұтас Ресей” партиясы Чешенстандағы президент сайлауында республика әкімшілігінің қазіргі басшысы Ахмад Қадыровты қолдайды. Аталмыш партияның Жоғарғы кеңесінің Краснодар қаласында жүрген төрағасы Борис Грызлов осылай деп мәлімдеді. Чешенстан президентін сайлауға үміткер есебінде түсетінін бейсенбі күні тағы бір саясаткер әрі кәсіпкер Мәлік Сайдуллаев та хабарлады. Ол А.Қадыров пен оның үзеңгілестерін өткір сынға алды. М.Сайдуллаевтың пікірінше, Чешенстан президентін сайлауға Аслан Масхадовтың та қатысқаны дұрыс болар еді. Чешенстан президенттігіне үміткер есебінде қатысуға әзірше Астрахан тұрғыны Саид-Гамзат Гайырбеков, Грозныйдың бір зейнеткері Зайнди Мовлатов және чешен университетінің оқытушысы – Алхат Ханчукаев деген үш адам ние білдіруде.
XS
SM
MD
LG