Accessibility links

Иран - “ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімнен” шығатынын ескертуде.


ТЕҺРАН: Егер өзінің бірде-бір ядролық мекемесіне соққы берілетін болса, Иран “ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімнен” шығатынын ескертуде. Бейсенбі күні Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы Кеңесінің мүшесі Әли Лариджани осындай қатаң ескертумен сөз сөйледі. Америка Құрама Штаттары Иранның жасырын түрде ядролық қару жасап жатқанына күмән келтірмейді. Соған байланысты Вашингтон Иранға қарсы күш қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайтынын әлденеше рет ескерткен болатын. Ал ресми Теһран - өзінің ядролық бағдарламасын тек бейбіт мақсатта дамытып жатқанын дәлелдеумен келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG