Accessibility links

Ресейдің әскери соты қорғаныс министлігінің бюджеттік басқармасының бұрынғы бастығы Георгий Олейникті 5 жыл мерзімге кесті.


МӘСКЕУ: Ресейдің әскери соты қорғаныс министрлігінің бюджеттік басқармасының бұрынғы бастығы Г.Олейникті қызмет құзырын асыра қолданды деген айып бойынша 5 жыл мерзімге кесті. Георгий Олейник – коммерциялық “Военбанк”-ке қорғаныс министрлігі меншігіндегі валюталық акцияларды қасақана төмендетілген бағамен сатып, 60 млн. доллар көлемінде шығынға түсірді деп айыпталды. Әскери сот оны генерал-полковник әскери шенінен, барлық орден-медальдерінен және құрметті атақтарынан, сондай-ақ – бостандыққа шыққанан кейін 3 жыл бойы мемлекеттік лауазымдарға тағайындалу құқынан айырды. Оның қорғаушылары үкімді әділсіз деп тауп, жоғарғы сотқа шағымдануды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG