Accessibility links

Украин астанасында оппозициялық интернет-басылымның редакторы Олег Ельцов аяусыз соққыға жығылды.


КИЕВ: Украина астанасында “Украина криминальная” деп аталатын оппозициялық интернет-басылымның редакторы Олег Ельцов аяусыз соққыға жығылды. Электршокермен және темір қиындысымен қаруланған екі адам бейсенбі күні кешкісін Олег Ельцовты пәтерінен шыға берген сәтінде ұрып жығып, көзден таса болды. Белгілі журналист ауыр жарақатпен ауруханаға тап болды. О.Ельцовтың мәлімдеуінше, оған кәсіби қызметі үшін қастандық жасалды. “Украина криминальная” атты электрондық басылым ылғи да жоғарғы мемлекеттік билік ішіндегі паракорлық туралы жазып келді.
XS
SM
MD
LG