Accessibility links

Он мың теңгелік қағаз ақша айналымға енгізіледі


Он мың теңгелік қағаз ақшаны барлық заңды және жеке тұлғалар міндетті түрде қабылдауға тиіс.

2003 жылғы жаңа үлгі бойынша шығарылған 10 мың теңгелік қағаз ақшаны барлық түрлі төлемдер үшін және банкте депозит ашу, есепшотқа ақша аудару, ел аумағында шектеусіз ақша жолдау мақсаттарында кеңінен қолданылып, барлық заңды және жеке тұлғалар міндетті түрде қабылдауға тиіс.

Ақшаның өң бетінде философ, ғұлама ғалым Әл-Фарабидің бейнесі салынған. Ал бейненің оң жағында ақшаның номиналы жазылып, жарыққа қарсы қарағанда көрінетін қорғау мақсатындағы жіп тартылған. Портреттің сол жағында Әл-Фарабидің қырынан қарағандағы бейнесі мен тау барысының суреті бейнеленген су белгісі бар. Ал банкноттың сол жақ төменгі бөлігінде соқыр адамдарға арналған екі томпақ шеңбер салынған. Банкноттың теріс бетінде негізгі сурет ретінде таудың фонындағы тау барысы бейнеленген. Оның оң жағында Қазақстанның аумағы мен туы кескінделген.
XS
SM
MD
LG