Accessibility links

Жекешелендiрудiң жаңа толқыны басталады


Қазақстан үкiметiнiң басшысы Даниял Ахметов мемлекеттiк меншiктегi нысандарды жекешелендiрудi шындап қолға алған тәрiздi.

Мысалы, үкiмет мүшелерi шiлденiң 23-i күнi аймақтық энергия компаниялары стансаларын жекешелендiру мәселесiн талқыласа, оның ертеңiнде болған кеңесте темiржол саласындағы жекешелендiрудi тездетуге тапсырма алған.

Үкiметтiң баспасөз қызметiнiң хабарлауынша, бүгiнгi таңда темiржол көлiгi қызметiн қамтамасыз ететiн өндiрiстiк буындарды кезең-кезеңiмен жекешелендiру мiндетi тұр. Сонымен қатар «Қазақстан темiржолы ұлттық компаниясы» жабық акционерлiк қоғамы аясында бiрнеше мекеме құру көзделуде.

Олар-темiржол желiлерi дирекциясы, тасымалдау істері басқармасы және қозғалыс қауiпсiздiгi дирекциясы. Ал 2004 жылы Ұлттық тасымалдаушы мәртебесiнде «Жүк тасымалы» акционерлiк қоғамы құрылмақ. Темiр жол көлiгi қызметiн қайта құру мақсатында қолға алынбақшы бұл шаралар Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң тұжырымдамасында көрiнiс тапқан. Даниял Ахметов тұтастай алғанда аталған тұжырымдамамен келiсетiнiн бiлдiрiп, темiржол көлiгi қызметiмен айналысатын кәсiпорындарды тездетiп жекешелендiруге тапсырма берген.
XS
SM
MD
LG