Accessibility links

Мәскеудің аймақтық әскери соты бүгін Кремль полкінің кіші сержанты Владимир Шуменкоға қатардағы жауынгерді ұрып соққаны үшін шығарылған үкімді өз күшінде қалдырды.


4 шілде күні Мәскеудің гарнизондық соты Шуменконы екі жылға бас бостандығынан айырып, тәртіптік әскери бөлімде ұстауға жаза кескен болатын. Шуменконың адвокаты айыпталушының жазасын жұмсарту жөніндегі өтінішін назарға алуды сұрап еді,алайда судьялар осының өзі жеңіл жаза деп айтқан.
XS
SM
MD
LG