Accessibility links

Ауғанстан мен Тәжікстан басшылығы есірткі бизнесімен күрес мәселесі төңірегінде бірлесе жұмыс істеу туралы келісімге келді.


Бұл жайында бүгін Душанбеде Ауғанстанның қорғаныс министрі Мохаммад Фахим хабарлады. Ол өз сөзінде ынтымақтаса жұмыс істеу жоспарында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновтың тарапынан жасалған ұсыныстарға тоқталып өтті. Ауғанстан -әлемде ең көп апиын мен героин өндірілетін ел. Ресейлік шекарашылар тәжік-ауғанстан шекарасында үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде контрабандистерден 5 тонна героин тәркілеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG