Accessibility links

АҚШ басқа да елдерді Ирақты тұрақтандыруға арналған бейбіт күштерге қатысуға шақырды.


Штаб басшыларының біріккен комитетінің төрағасы Ричард Майерстің мәлімдеуінше, Ирақтағы коалициялық күштерге 19 ел қосылған, тағы да 15 ел дайын көрінеді. Майерстің айтуынша, Ирақта американдық емес әскерилердің саны 30 мыңға жетуі мүмкін, бірақ бұл жақын арада ондағы американдық әскерилердің қатысуын қысқарту үшін жеткілікті емес.Бүгінде Ирақта 150 мың американдық әскери бар. Бейсенбі күні АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд Вашингтонда сөйлеген сөзінде, американдық әскерилердің жүргізген операциясы барысында өлгендер Саддам Хусейннің екі ұлы Құсай мен Ұдай екендігін дәлелдейтін фотосуреттердің көрсетілуі қанағаттанарлық екендігін айтты. Пентагон басшысының мәлімдеуінше, бұрынғы диктатордың ұлдарының өлімін дәлелдейтін деректердің көрсетілуі, ирақ халқы үшін маңызды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG