Accessibility links

Бүгін Ақ үйде АҚШ президенті Джордж Буш пен Палестина премьер-министрі Махмуд Аббас Таяу Шығыста бейбіт жағдайды қалыптастыру мәселесін талқылайды.


Палестина аутономиясының премьер-министрі Махмуд Аббас кеше Вашингтонда сөйлеген сөзінде Америка үкіметін Изараильді сол елдің түрмелерінде жатқан 3 мың палестиндік тұтқындарды босатуға көндіруге шақырды. Махмуд Аббас сондай-ақ, Иорданияның батыс жағалуындағы еврей елді мекендерін жоюды талап етті. Бүгін Ақ үйде АҚШ президенті Джордж Буш пен Палестина премьер-министрі Махмуд Аббас Таяу Шығыста бейбіт жағдайды қалыптастыру мәселесін талқылайды. Газа секторында Палестинннің әскери барлау басшысы генерал Мұса Арафаттың кеңсесі гранатометтен атқыланып, 10 адам жарақаттанды. Генерал аман қалған. Оның өкілдері бұл атқылауды генерал Мұса Арафаттың өміріне жасалған қастандық деп тапты. Ал израиль әскерилерінің пікірінше, бұл оқиға-палестиндіктердің өзінің ішкі жұмысы.
XS
SM
MD
LG