Accessibility links

Аслан Масхадов президент сайлауына қатыспайды.


Чешенстанда осы жылдың қазан айында Мәскеу жасатқызып отырған президент сайлауы өтеді. Чешенстанның көтерілісшіл басшысы Аслан Масхадов сайлауға түспейтінін жариялатқызды.Масхадовтың өкілі Саламбек Майгов ол кісінің пікірін "Интерфакс" агенттігіне жеткізіп, сайлауды соғыс біткеннен кейін, жағдай қалпына түскеннен кейін жасаған жөн деді.

Ресей Орталық сайлау комиссиясы Аслан Масхадов президент сайлауына қатыса алады, ол қазір абақтыда емес, Ресей Федерациясының азаматтығындағы адам деп апта басында мәлімдеген болатын. Дегенмен, Ресей басшылығының өкілі Сергей Ястржебский Аслан Масхадовтың төбесі көрінсе болды - қамауға алынады, себебі ол Ресей билігіне қарсы қылмыс ұйымдастырған деп айтты.

"Президент сайлауына қатысуға Масхадовтың еш мүмкіншілігі жоқ", деді Сергей Ястржебский.
XS
SM
MD
LG