Accessibility links

Либерияға АҚШ әскері жөнелтілді.


Либерия мемлекетінің астанасы Монровиядағы жағдай тағы қиындады. Азаматтық соғысты соңғы жылдары басынан кешіріп отырған Либерияның президенті Чарлз Тейлор жақында елден қуылды. Алайда, тыныштық бірнеше күнге ғана созылды. Либерияда қазір Батыс Африка экономикалық қауымдастығы – ЭКОВАС деген одақтың әскерлері бітімгершілік қызмет атқарып жатыр. АҚШ президенті Джордж Буш оларға көмек ретінде Либерияға әскер жолдағанын хабарлады:

- АҚШ әскері ЭКОВАС-тың әскеріне көмектесу үшін қоныстандырылады, олар Либерия халқына көмектесу үшін, ізгілік көмек көрсетуге жағдай жасауға жіберіліп отыр.

Либерияда көтерілісшілдердің әскері мен бұрынғы президентке берілген әскер кеше тағы қақтығысты. Ел астанасы Монровияда кемінде он екі азамат қаза тапты.
XS
SM
MD
LG