Accessibility links

Өкімет басшысы Ариел Шаронның Израйль түрмелеріндегі 100-ге жуық палестиналықтарды босату жөніндегі ұсынысын ел өкіметі қолдады.


Алдағы сейсенбі күні Шарон мырза Вашингтонға АҚШ елбасы Жорж Бушпен кездесу үшін бармақшы. Аталған шешімге ол сол сапарына дейін қол жеткізуді көздеген болатын. Осы қадамы арқылы Израйль өкімет басшысы Таяу Шығыстағы, жол картасы деген атпен белгілі болған, бейбітшілік жоспарын қолдайтындығын әлемге көрсетпекші. Израйль түрмелерінде жатқан бірнеше мыңдаған палестиналықтардың тағдыры бұл жолғы бейбіт келісімдер барысындағы ең басты мәселе болып отыр. 2005-ші жылы Палестина мемлекетін құруды көздеп отырған бұл жоспар бойынша екі жақ та икемділікке келуі тиіс. Өткен айда Хамас және Исламдық Жихад өкілдері Израйль нысаналарына қарсы шабуылдарды үш айға дейін доғара тұратындықтарын жариялаған болатын. Палестина өкімет басшысы Махмуд Аббас АҚШ елбасы Жорж Бушпен өткен жұма күні Вашингтонда кездесті.
XS
SM
MD
LG